Kaloud Қазақстанға келеді! АҚШ-тан келген клиентіміздің хикаясы
Kaloud Қазақстанға келеді! Бұл мақалада біздің клиентіміз әрі досымыз Брайан, Қазақстанға көшіп келген америкалық, өзінің жеке тәжірибесімен бөліседі. Мақалада айтылған барлық пікірлер, әсерлер мен бағалар авторға тиесілі және Big Smoke ұстанымымен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жарияланым темекі шегуге немесе темекі, никотин және құрамында никотин бар басқа да өнімдерді тұтынуға шақырмайды. Темекі шегу және никотин тұтыну денсаулыққа елеулі зиян келтіреді әрі тәуелділік тудыруы мүмкін. Big Smoke темекі және никотин өнімдерін тұтынудан толық бас тартуды ұсынады. BigSmoke.kz интернет-дүкен емес, төлем қабылдамайды және тапсырыстарды рәсімдемейді. Платформа тек ақпараттық және таныстыру сипатында жұмыс істейді. Ол клиенттеріміздің жеке тәжірибесін жариялап, бөлісуге, сондай-ақ өнімдерді таныстыру мақсатында көрсетуге арналған. BigSmoke.kz сайтындағы барлық материалдар мен өнімдердің суреттері тек ақпараттық және таныстыру мақсатында ұсынылған. Олар жарнама болып табылмайды және тауарды сатып алуға арналған жария ұсыныс болып саналмайды. Барлық кейінгі сату әрекеттері тек сатушы арқылы, BigSmoke.kz сайтынан тыс жерде жүзеге асырылады. Сатып алушының жасы алдын ала тексеріледі. Сату платформаның саясатына, заңнама талаптарына және BigSmoke.kz сайтында жарияланған сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Kaloud келе жатыр! Менің атым Брайан. Мен Қазақстанға көшіп келіп, қазір Алматыда тұрып жатқан америкалықпын. Kaloud компаниясының 2026 жылы Қазақстанға келуіне жол ашу үшін Kaloud пен Big Smoke арасындағы байланысты орнатуға көмектесу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Алматыны кальян мәдениетінің әлемдік астаналарының бірі деп санаймын. Әлемнің талай жерінде кальян тартып көрдім. Мен барған қалалардың ішінде шеберлік, сапа, қолжетімді баға, атмосфера және таңдау алуандығы жағынан Алматыға тең келетін жерді кездестірмедім. Қазақстаның жақын орналасуы және онымен қалыптасқан байланыс сапалы кальяндар мен жақсы қоспалардың кең таңдауына мүмкіндік береді. Алматыдағы кез келген тәуір орында кальян дайындау және қызмет көрсету деңгейі Америка Құрама Штаттарында көрген қызметімнен әлдеқайда жоғары. Соңғы сапарымда Вашингтон маңындағы ең жақсы орындардың өзінде әлі күнге дейін алюминий фольгасы мен дөңгелек, тез тұтанатын көмір қолданылып жүргенін көрдім! Кальян шебері дегеніміз нағыз мамандық. Меніңше, бір күні бұл кәсіп бармен мамандығынан да жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін. Алматы кальян мәдениетін бағалайтын адамдар арнайы келетін қалаға айнала алады. Kaloud және Big Smoke компанияларымен қарым-қатынасымның тарихы бұдан әлдеқайда ұзақ. Қысқаша айтқанда, жылдар өте келе екі компанияның да иелерімен танысып, оларды досым деп санай бастадым. Сонымен бірге оларға шын жүректен тәнтімін. Мен олардың өз ісіне деген құштарлығын және таңдаған саласында үздік болуға деген ұмтылысын бағалаймын. Kaloud компаниясының кальян мәдениетіне арналған өзіндік көзқарасы бар: «Әлемді әр тартылым сайын өзгерту». Бұл жай ғана есте қалатын жарнамалық сөз емес. Бұл олардың кальян жасау шеберлігіне деген нақты көзқарасы. Екі компания да клиенттеріне керемет қызмет көрсетеді. Бір қызығы, Kaloud компаниясының бас директорымен де дәл осы қызмет көрсету арқылы таныстым. Бұл Zoom арқылы өткен қолдау қоңырауы кезінде болды. Алматыдағы кальян жанкүйерлерінің Kaloud өнімдерімен таныса алатынына қуаныштымын. Мен Kaloud шығарған өнімдердің барлығына жуығын қолданып көрдім. Әлемнің әр жерінде кальян тартып көрген адам ретінде Kaloud Krysalis Eltheria нарықтағы ең таза дәм беретін және жалпы сипаттамалары бойынша ең үздік кальян деп айта аламын. Көмірлі сүзгі көмірдің дәмін кетіреді. Оған Bluetooth арқылы басқарылатын жарықты қоссаңыз, кальяныңыз өзіңіздің рухани мекеніңізге айналады. Сыртқы күмбез тәрізді камераны мұзбен толтырып, Kaloud компаниясының iPhone қосымшасынан қалаған түсіңізді таңдаңыз. Айтпақшы, бүкіл әлемде көшірмелері мен қолдан жасалған нұсқалары таралған Kaloud Lotus жылуды басқару құрылғысын, яғни HMD жүйесін жасаған да осы компания. Бұл өнім мен үшін бәрін өзгертті. Алюминий фольгасын босқа жұмсаудан және көмірдің еденге домалап түсуінен шаршағандардың бәрі де дәл осылай ойлайтын шығар. Алғашқы Lotus құрылғымның қаптамасын ашқан сәтімді ешқашан ұмытпаймын. Сол кезде: «Мәссаған, бұл жігіттер өнімнің қалай ұсынылатынына шынымен мән береді екен», деп ойлағаным есімде. Олардың шағын құрылғысы Tiffany & Co. зергерлік бұйымын ашқандай әсер қалдырды. Kaloud өнімдерінің бірін сатып алған адамдар менің не туралы айтып отырғанымды түсінеді. Бұл ерекше бір рухани әсер сыйлайды. Шай дайындап, жайлы кешкі музыканы қосып, қаптаманы асықпай ашыңыз. Lotus құрылғысының қытайлық көшірмелері мұндай әсер сыйламайды. Менде олардың ең жаңа саз тостағандары да бар. Қазір тек соларды пайдаланамын. Егер funnel үлгісіндегі саз тостағандарды ұнатсаңыз, оған қосымша ақша төлеуге тұрады. Бұл тостаған мінсіз жасалған. Күйдірілген керамикасының сапасы да мен көргендердің ішіндегі ең жақсысы. Көз тимесін, бірақ мендегі екі тостаған осыған дейін қолданған барлық басқа саз тостағандардан ұзағырақ қызмет етіп келеді. Егер арзан көшірмелердің орнына түпнұсқа өнімдерді бағаласаңыз және кальянға арналған ең жаңа жабдықтарға қызығушылық танытсаңыз, Lotus 1+3 мен қолданып көрген Lotus жылуды басқару жүйелерінің ішіндегі ең жақсысы. Оның сыртқы көрінісі де бәрінен жақсы. Кальянға қызығатын достарымда мұндай құрылғы болмаса, оларға сыйлық ретінде дәл осы модельді беремін. Рақатын көріңіз. Пластикті босқа жұмсауды ұнатпайтын адамдар үшін Kaloud биологиялық ыдырайтын ауыздықтар да ұсынады. Олар сапалы және компанияның миссиясына толық сәйкес келеді. Өз миссиясына адал компанияларды жақсы көремін, әсіресе олардың миссиясы осындай керемет болса. Оқығандарыңызға рақмет. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін! **Брайан**